Читать книгу Бақбақтың балаларына. Өмір, оның құндылықтары туралы. Сондай-ақ әрине, Жел туралы! онлайн

1 страница из 3

Бақбақтың балаларына

Өмір, оның құндылықтары туралы. Сондай-ақ әрине, Жел туралы!


Дика Кара

Перевод книги «Детям одуванчиков» (автор Дика Кара) с русского на казахский язык


Переводчик Ботагоз Смагулова


© Дика Кара, 2021

© Ботагоз Смагулова, перевод, 2021


ISBN 978-5-0055-8857-9

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Кеш түсе бастады.

Күндізгі жылу білдіртпей кешкі салқындыққа ауысты. Барлық тірі жандар әйтеуір жеңіл дем алды.

Өсімдіктер мен жануарлар ұйқыға дайындалды. Ұшпайтын жерлері жоқ шіркей кешкі серуенге шықты. Сол аралықта қарт бақбақ ұйқыға жатар алдында өзінің немерелері – кішкентай бақбақтармен әңгімелесуді жөн көрді.

– Ежелгі бақбақтар өмірдің ең маңызды құндылықтарының бірі – өзіңе таңдау жасау және Желдің сәтті бағытын таңдау деп айтатын. Мен сендерге бұлардың бәрі шартты деймін. Басты құндылық – жаныңда өсетін ата-анаңның жапырағы!

Кішкентай бақбақтар таңқалып бір-біріне қарады.

– Ата, ата-ана жапырағы – ол неге құндылық? – деп сұрады кішкентай бақбақ.

– Маңызды емес. Уақыты келгенде өздерің барлығын түсінесіңдер! – деп күңкілдеді ата. «Е-ее, әлі ертерек, өскен жоқсыңдар», – деп ойлады бақбақ, ал оларға дауыстап:

Правообладателям